Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 742
Статьи : 550
Просмотры материалов : 282276
Қазір сайтта
Сейчас 25 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар

«Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынов»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Ақын, педагог Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 - жыл толуына орай, Боралдай ауылдық кітапханасында «Шамшырақ» клубы мүшелерімен бірлесіп «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынов» атты жыр кеші өтті.

Толығырақ...

 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Чапаев ауылдық кітапханасында Алматы облысы мемлекеттік мұрағаты мекемесінің Іле филиалы қызметкерлерінің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауымен танысу мақсатында ақпараттық сағат өткізілді.

Толығырақ...

 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Ақши ауылдық кітапханасының оқу залында Ақши ауылдық балалар кітапханасы, мәдениет үйі қызметкерлері және кітапханаға келген оқырмандардың қатысуымен 11.01.2018ж. Елбасының Қазақстан халқына арнаған«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы таныстырылды.

Толығырақ...

 

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасының Жолдау алдындағы мәлімдемесін Іле аудандық кітапханасы бүкіл ұжымымызбен бірге отырып тыңдадық.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналды. Жолдауда Елбасы әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиіс 10 міндетті нақтылап берді.

Толығырақ...

 

«Тау тұлғаның тұяғы, қоғам қайраткері - Мұрат Әуезов»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Мәдениеттанушы - ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жас толуына орай, Іле аудандық кітапханасында 05.01.2018 ж. «Тау тұлғаның тұяғы, қоғам қайраткері - Мұрат Әуезов» атты тақырыпта

Толығырақ...

 

«Мәдени мұра және қазіргі рухани жаңғыру»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Қараой ауылдық кітапханасында 04.01.2018 ж. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»мақаласы және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Мәдени мұра және қазіргі рухани жаңғыру» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

 

«Мәдени мұра рухани жаңғыру негізі»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 04.01.2018 ж . Ақши ауылдық кітапханасының «Мәдени мұра» бөлімінде тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды.

 

 

 

 

 

 

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

«Рухани жаңғыру - болашақтың кілті»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен,Іле ауданы әкімінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Боралдай ауылдық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру - болашақтың кілті» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырмандар қауымына таныстырылды.

Толығырақ...

 

«Оның өмірі - музыка»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Чапаев ауылдық кітапханасында композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 90-жыл толуына орай, 7 – сынып оқушыларының қатысуымен оқырмандарға қазақ музыкасының биік тұлғасы – Ғазиза Жұбанованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқырмандарды өнерді және ұлттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу мақсатында «Оның өмірі - музыка» атты өнер сағаты өткізілді.

Толығырақ...

 

«Жүректен жүрекке»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Боралдай ауылдық кітапханасында 9 сынып оқушыларының қатысуымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру,оқырмандардың өлеңге деген ынтасын арттыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу мақсатында 2017 жылы 26 желтоқсан күні «Жүректен жүрекке» атты поэзия сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. Іс –шараға 11 оқырман қатысып, 2 жаңа оқырман жазылып, 2 кітап қолға берілді.

 

«ХХІ ғасыр қаупі - терроризм»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында 25.12.2017ж. Чапаев ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «ХХІ ғасыр қаупі - терроризм» деген тақырыпта саяси сұхбат өткізілді.

Подробнее...

 

«Қазақтың тұңғыш суретшісі»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Қараой ауылдық кітапханасында 25.12.2017 ж. «Қазақтың тұңғыш суретшісі» атты көпшілік оқырмандардың қатысуымен фотомедиа-галерея көрсетілімі өткізілді. Шарада Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, туындыларын экраннан тамашалады.

Подробнее...

 

«Өнер гүлін жинаған –Гүлжиһан»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласының «Туған жер» бағраламасы аясында 22.12.2017ж. Ақши ауылдық кітапханасында осы Күрті жерінен түлеп ұшқан, бар ғұмырындағы еңбегін еліне арнап өткен бі¬лікті маман, көркемсөз өнерінің шебері, Қазақ циркі мен Ж.Елебеков атындағы эстрада - цирк колледжінің іргесін қалаған, елімізде алғашқы болып жастардың «Гүлдер» атты эстрадалық ән-би ансамбілін құрған, аяулы қызымыз - Қазақстанның халық артисі - Гүлжиһан Ғалиеваның 100-жылдығына арналған «Өнер гүлін жинаған –Гүлжиһан» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар Гүлжиһан Ғалиеваның өмір жолымен танысып, оның өзі еңбек сіңіріп, негізін қалаған өнер ордалары – Қазақ мемлекеттік циркі, Ж.Елебеков атындағы эстрада –цирк өнері колледжі мен «Гүлдер» ансамбілінің тарихы мен олардан ұшып шыққан алғашқы қарлығаштар туралы мәліметтерге қанықты.

Подробнее...

 

«Терроризм-мұны бәрі білу керек»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Іле ауданы әкімінің қолдауымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Терроризммен күрес мақсатында Іле аудандық кітапханасында жас оқырмандар мен кітапханашылардың қатысуымен оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу мақсатында «Терроризм-мұны бәрі білу керек» атты тақырыпта саяси сағаты өтті.

Подробнее...

 

«Мәңгілік ел және мәдени мұра»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, 20.12.2017 ж. «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Іле филиалы қызметкерлері мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Мәңгілік Ел идеясын таныстыру, ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру, елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу мақсатында Чапаев ауылдық кітапханасында «Мәңгілік ел және мәдени мұра» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқырмандарды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру міндеті қойылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Еркін көсілген Мәңгілік Ел» атты бірінші бөлімге Мәңгілік Ел идеясын насихаттауға арналған әдебиеттер қойылса, «Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның мәдениеті мен рухани құндылықтарының қайнар бұлағы» атты екінші бөліміне еліміздің мәдени – рухани құндылықтарын насихаттайтын әдебиеттер қойылып, кітапханашы оқырмандарға таныстырып, библиографиялық шолу жасады. 

Подробнее...

 

"Тәуелсіздік -тұғырымыз, тұрақтылық тірегіміз"

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Іле ауданы әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 14 желтоқсан 2017 жылы аудандық мәдениет үйінде "Тәуелсіздік жолы - Тариx жолы" атты мерекелік концерті өтті. Осы орайда, Іле аудандық кітапханасы Чапаев мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 26 - жылдығына орай, "Тәуелсіздік -тұғырымыз, тұрақтылық тірегіміз" атты 4 бөлімнен тұратын көрме инсталляциясын ұйымдастырды:

Подробнее...

 

«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Жетіген ауылдық кітапханасында 13.12.2017ж. жас оқырмандардың қатысуымен Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға құрмет көрсету, шейіт болған құрбандарын еске алу, Тәуелсіздік оңай келмегендігін түсіндіру, тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жас оқырмандарға жеткізу, Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан Тәуелсіздігі мәңгілік!» атты тарихи-сазды кеш өтті. 

Подробнее...

 

«Нұрын шашқан әлемге, Тұтқа болған бар елге Астана»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Астана қаласының 20 – жылдығына орай, Боралдай ауылдық балалар кітапханасында елордамыз Астананың тарихымен, көрікті орындарымен таныстыру, жас ұрпақты елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында жас оқырмандардың қатысуымен «Астана – арман қала» тақырыбында тарихи сағат өткізіліп, «Нұрын шашқан әлемге, Тұтқа болған бар елге Астана» атты тақырыпта тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее...

 

«Қазақстаным, Тәуелсіздігім, Азаттығым»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Тәуелсіздік күніне орай, Чапаев ауылдық кітапханасында 12.12.2017 ж. «Қазақстаным, Тәуелсіздігім, Азаттығым» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Подробнее...

 

«Қазақстан тұмарындай Астана»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында.

Подробнее...

 

«Тәуелсіздік тұғырым»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай, Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша 2017 жылы 11 желтоқсан күні М.Түймебаев ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі М.Манапбаева мен жастар ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушы Ж.Мусаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыптық іс - шара өтті.

Подробнее...

 

«Киелі менің Елордам»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Астанаға көшіру тарихи шешіміне - 20 жыл толуына орай, елордамыз Астананың тарихи орындарымен таныстыру, Отанын құрметтеуге үйрету, ұлттық рухани тәрбие беру мақсатында Боралдай ауылдык кітапханасында «Киелі менің Елордам» атты атты тақырыпта 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылып:

Подробнее...

 

«Нұрын шашқан әлемге, тұтқа болған бар елге Астанаға – 20 жыл»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Астана қаласына 20 - жыл толуына орай, Чапаев ауылдық кітапханасында «Нұрын шашқан әлемге, тұтқа болған бар елге Астанаға – 20 жыл» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» көрмесі

Фото Карлыгаш Будугуловой.Іле ауданы әкімінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Энергетик ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Жарасымды көршілер-сенімді әріптестер» - аудандық акциясының жалғасы «Жақсы көрші тапқаның – Мол олжаға батқаның» атты мәдени іс- шарасы бүгін № 24 лицейде өтуде.

Толығырақ...

 
Еще статьи...

/
Рейтинг@Mail.ru