Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 693
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255504
Қазір сайтта
Сейчас 2 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

тарихы туралы қысқаша

А Қ П А Р А Т

1920-1924 жылдары  Түркістан  Республикасындағы  Семиреченск 7 уезден тұрса, соның бірі  Верный уезі 1921 жылдың  5 ақпанында  Алматы болып өзгереді. Ал  1922 жылдың  21 сәуірінде  Семиреченск  облысы  Жетісу  облысы  болып құрылады.

1924 жылдың 27 қазанында   Мойынқұм  және Сарықұм  уездерінен  Іле болыстығы  құрылып, оның орталығы  Іле стансасына  көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында  Жетісу губерниясы  таратылып, уездер мен  болыстықтардан Алматы және  Семей (бір бөлігінен) округтарынан аудандар  құрылады.

Іле ауданы аудандық кітапханасы 1928 жылғы 19 қыркүйек айында «Қызыл отау» болып құрылып, оқырмандарды желтоқсан айынан  бастап қабылдады. Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты кітапхана:– 19 қазанда округтік; 1930 ж. – 17 ақпанда аудандық; 1933 ж. – 1 шілдеде қайтадан округтік ауылдық кітапханалар құрыла бастады. 1948 ж. – 1 аудандық кітапхана және мектептерде кітапхана болды. Осы жылы  тағы да 7 кітапхана ашылды. ҚР Ұлттық кітапханамен байланыс  орнады. Оның мақсаты – аудандық,ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжрибелерді тарату. Әдістемелік және библиография бөлімдері құрылғаннан бастап ауыл кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетумен қатар, кітапханашылардың кәсіби мамандықтарын арттыру және білімін жетілдіру мақсатында курстар, стажировка-практикумдар, зерделі кеңестер өткізе бастады.1980 жылы аудандық орталыктандырылған кітапхана  жүйесі құрылды. Ауданда -1 аудандық орталық кітапхана,1- аудандық балалар кітапханасы, 1- №26 Энеркетикалық қалалық кітапхана болды. 1982-1995 жж. аралығында  аудандық орталық кітапханаларда әртүрлі тақырыптарда зерделі кеңестер ұйымдастырылды.1996 жылы-49 кітапхана болса,1998 жылы  қысқартылып-15 кітапхана қалды, оның ішінде 3-балалар кітапханасы, оқырман саны-27,3 мың, Кітап қоры-197 000 дана болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарияланған «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Халық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Денсаулық сақтау», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы жеңістің 70 жылдығы», «Қазақстан халқының ассамблеясының 20 жылдығы», «Бір ел-бір кітап ақциясы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы», «Алаш қозғалысына-100 жыл», «ҚР рәміздеріне 25-жыл», «ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі», «Қазақстан –2050», «Қазақстандағы ұлт-азаттық  көтерілісінің басталғанына -  100 жыл» кітапханалар осы бағытта әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар өткізуді жалғастыруда.


  • 1999 жылы - 12 кітапхана жабылып, 3 кітапхана халыққа қызмет  көрсетті.
  • 1999 жылдың  наурыз айынан Іле ауданы аудандық кітапханасы болып құрылды.
  • 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10-жылдығына «Тіл мен тарих» атты ғылыми – тәжиірбелік  конференция өткізілді.
  • 2002 жылы «Артық ғылым – кітапта, ерінбей оқып көруге» ғылыми – тәжиірбелік  конференция өткізілді.
  • 2002 жылы «Еуразиялық- мәдениет және кітапхана ресурстарыының интеграциясы» атты Орал қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
  • 2003 жылы ҚР Ұлттық кітапханада  Іле ауданымен бірлесе «Библиотека как информационный и культурный центр села» дөңгелек үстел өтті
  • 2003 жылы «Жаңа қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілі ауыл кітапханасы» Павлодар қаласындағы  республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
  • 2003 жылы – Кітапхана процестерін автоматтандыру жұмысы басталды.
  • 2003 жылдан Алматы облысында алғашқылардың бірі ретінде «Жаңа қоғамның – жаңа Модельдік кітапханасы» болып  ашылды. Кітап қоры-107441дана, оқырман саны-13058, кітап берілімі-221965 дана, жаңа түскен  кітаптар-550 дана.
  • 2003 жылы Кітапханада “РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог  жасақтала бастады.  Интернетке модем арқылы қосылды.2004 жылы « Ауыл жылы »бағдарламасы  аясында «Ең үздік ауыл кітапханасы»,
  • 2004 жылы Павлодар  қаласындағы  республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
  • 2005 жылы Іле аудандық, Боралдай ауылдық кітапханаға КАБИС бағдарламасы енгізілді.
  • 2005 жыл қортындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2006 жылы  Астана қаласында   «Қазақстан еңбекші әйелдері» Конгресіне іскер әйелдермен тәжірбие алмасып, Мәдениет Министірлігі Е.Ертісбаевпен кездесу,2006 жыл қортындысы бойынша «Үздік мекеме»атағы берілді.
  • 2007 жылы облыс әкімі С.Үмбетов кітапханадағы жетістіктер үшін «НИВА» автокөлігін сыйлады.
  • 2008 жылы - 6 кітапхана қайта ашылды.
  • 2008 жылдан бес  кітапханаға (Аудандық, Боралдай балалар, Чапай, Қараой, Ақши) КАБИС бағдарламасы енгізілді.
  • 2009 жылдан жаңа  технологиялық  бағытта пайдаланушыларға   қызмет  көрсетіп, жаңа  деңгейге  көтерілуде. Іле аудандық кітапханасында 7 Модельді ауылдық  кітапхана жұмыс істейді:   (Аудандық, Боралдай балалар, Боралдай ауылдық, Чапай, Қараой, Ақши ауылдық, Ақши балалар кітапханалары).
  • 2009 жылы 14 тамыз – «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. 2009 жылы  15-16 қазан С.Бегалин атындағы  Мемлекеттік балалар кітапханасы «Жаныңа нәр беретін кітапхана және отбасылық оқу» Халықаралық конференцияға қатысты.
  • 2011 жылы  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Үздік заманауи кітап қоры» байқауының Бас жүлдесімен марапатталды.
  • 2011 жылы Кітапхана  ҚР Ұлттық және Астана қаласындағы академиялық Ұлттық және облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда және облыстық Зертханалық орталық болып табылады.
  • 2011 жылы қаңтар айында  - 1 Жетіген ауылдық кітапханасы ашылды.
  • 2012 жылы  Кітапхана веб-сайты жасақталды.
  • 2012 жылы10-12 шілдеде - Астана қаласында ҚР Академиялық кітапханасында»  Қазақстанда және АҚШ-та азаматтық қоғамнының құрылуы» форм-тренингке қатысты.
  • 2013 жылы Ұлыбританияның Ұлттық кітапханасында "Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар: ақпарат және мәдени орталықтар" өткен халықаралық семинарға қатысты.
  • 2014жылы ақпан айында - 2 кітапхана ашылды. (Аудандық балалар кітапханасы және Междуречинск ауылдық кітапханасы)
  • 2016 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында Халықаралық Кітапханашылар конгрессіне қатысты.
  • 2016 жылы Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармониясында өткен Жыршы Ж.Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық ғылыми симпозиумға қатысты.
  • 2016 жылы "XXI ғасыр кітапханалары: кітаппен болашаққа" Халықаралық кітапхана конференциясына қатысты.
  • 2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы жариялаған  2016 жылы «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауына қатысты.
  • 2016 жылы «Мәңгілік елдің  кітапханалық идеясы» тақырыбында  өткен облыстық байқауға қатысты.
  • 2016 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай,Іле ауданы әкімінің  аудандық кітапханасы «Үздік аудандық кітапхана» номинациясы жеңімпазы атанып, Алматы облысы әкімінің атынан Дипломмен және 100000 мың теңге сертификатымен марапатталды.
  • 2017 жылы Астанада өткен  «Астана ЕХРО-2017»  Халықаралық көрмесіне қатысты.
  • 2017 жылы «Астана ЕХРО-2017»  Халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған  «ОҚУ ӘЛЕМІНДЕГІ ОҚЫРМАН ҰЛТ» тақырыбындағы Халықаралық симпозиумға қатысты.


Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына 12 кітапхана  қызмет көрсетеді.  1 - Іле аудандық,1- аудандық балалар кітапханасы, 2 - ауылдық балалар кітапханасы: Боралдай ауылдық балалар кітапханасы, Ақши ауылдық балалар кітапханасы, 8- ауылдық кітапхана: Жетіген, Қараой, Чапаев, КазЦИК, Ащыбұлақ, Ақши, Боралдай, Междуреченск.

Кітапханада оқырмандарға уақыт талабына сай сапалы қызмет  көрсету мүмкіндіктері мол. Әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне – 5 кітапхана  модем арқылы қосылған. Интернет желісі  арқылы  сұраныспен келген әрбір оқырманның сұранысын толық қанағаттандырып отырмыз.Кітапханада толық мәтіннің негізі  жазылған  мәліметтер – CD-ROM–дар бар.   Электрондық пошта: " Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript "  (арқылы, республика, аудан , мектеп кітапханаларымен байланысқа  шығып, олардан келіп түскен сұраныстарына жауап беру, электронды  жіберу арқылы    іске асады. Кітапханаларда деректер базаларын қалыптастыру, қашықтағы пайдаланушылардың әр алуан  ақпарат ресурстарына  еркін, жедел енуді ұсыну, сервис сапасын дамыту  және инновациялық ақпараттық  технологиялар  негізінде ақпараттық қызметтің тізбесін кеңейту, кітапханалардың бейіні бойынша тақырыптық деректер базаларын жасау  жұмыстарын жүргізу міндеттеледі.Заман талабына сай жастарға  өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды  жастардың  кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамда  қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру басты  мақсатымыз

Кітапханалық  қызмет көрсетудегі негізгі принципіміз- тегін қызмет көрсету. Оқырмандар  кітапханалық-ақпараттық қызметтерінің  негізгі түрлерін тегін алуға құқылы. Олар:кітапхана қоры туралы каталогтар және картотекалар арқылы және кітапханалық ақпараттандырудың басқа да формалары арқылы толық ақпараттандыру;ақпарат дереккөздерін таңдау және іздеу кезінде кеңестік көмек;уақытша пайдалануға (оқу залдарында және абонементте - үйге) кітап қорынан сирек басылымдардан басқа құжаттарды алуға; Интернет желісі бойынша қызмет көрсетуді;Электронды каталогты;«Іле таңы» атты мерзімдік басылымдар дерекқорларының толық мәтінін; «Зерде,Өлкетану,Ауылым –алтын бесігім»  мәліметтер базасын пайдаланады.


Кітапхананың бұрынғы басшылары

Момбаева Светлана Адиловна 1947 жылы 27 наурызда Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылында туылған. Білімі жоғары. Мемлекеттік қыздар педпгогикалық институтының кітапхана және библиография факультетін бітірді. 1973 жылдан Алматы облысы, Іле аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарып, осы кітапхананың меңгерушісі болды. 1979 жылдан бастап орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып тағайындалды. Осы 1979-1996 жылдары  Іле ауданында 49 кітапхана болды.  Ал, 1998 жылдың басында 15 кітапхана , оның ішінде 3 балалар кітапханасы болды. "ҚР Мәдениет қызметкері".











1997-1998 жылдары аудандық кітапханаға Самародова Н.С. басшылық етті.









Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы 1956 жылы 12 мамырда Алматы облысы Күрті ауданының Ақши ауылында дүниеге келген. Ауылдың А.Андреев атындағы орта мектепте білім алып, 1973 жылы осы мектепте кітапханашы болып жұмысқа орналасады. 1975 жылы Қаскелен ауданының мәдениет-ағарту училищесіне кітапханашы бөліміне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1978 жылы үздік бітіріп, 1978 жылы Күрті ауданының орталық кітапханасына әдіскер болып жұмысқа қабылданады. Өз ісін жетік меңгерген Мейрамкүл көп ұзамай 1981 жылы балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызметке кіріседі. Ал 1983 жылы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына сырттай бөлімге оқуға түсіп, оны 1988 жылы тәмәмдап,  жоғары білімді кітапханашы-библиограф Күрті аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры болып тағайындалады.

Мейрамкүл Түйебайқызы 1997 жылы Ақши ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып, Күрті ауданы таралғалғаннан кейін 1999 жылдан бастап Өтеген батыр ауылында аудандық кітапханаға директор болып ауыстырылды. Осы жылдан бастап ол Іле аудандық кітапханасының техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жаңартып, осы аталған мақсатта 2003 жылы кітапханаға РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс. Тапсырыс» модулін орнатуға аянбай еңбек етіп,   2009 жылы КАБИС бағдарламасын және әлемдік ғаламтор қолдануға мүмкіндік алып, ҚР академиялық кітапханасымен «Мемлекеттік электронды кітапханалық қор - қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісіме отырып, жергілікті ақын-жазушылардың отыз алты кітабының электронды нұсқасын жасауға өз үлесін қосады. Ал 2006 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан еңбекші әйелдері» конгресіне Іле ауданы әкімінің аудандық кітапхана директоры        М.Т.Жабиева еліміздің әр түкпірінен келген іскер әйелдермен тәжірибе алмасып, Мәдениет министірі Е.Ертісбаевпен кездесті. Мейрамкүл Түйебайқызының кітапхана саласындағы 41 жылдық еңбегі бағаланып, 2007 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» иегері, 2011 жылы «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына еніп, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі»,  2015 жылы «ҚР  Конституциясының 20 жылдық мерекесі», 2017 жылы «ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі»  төсбелгісінің иегері, Іле ауданының «Құрметті азаматы» және жергілікті ақын, сазгер ,жеті өнер иесі Ә.Нұрқожа атындағы халық ансамблінің белсенді мүшесі. Оның тікелей араласуымен аймаққа қатысты келелі мәселелер өз шешімін тапқан еді. Еңбек ұжымында әрдайым абыройлы, кітапхана қызметін жақсарту бағытында рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында жемісті еңбек етіп келе жатқан Мейрамкүлдің өңірдің дамуына қосқан үлесі зор.

Кітапхана басшысы 2013 жылы Ұлыбританияның Ұлттық кітапханасына іссапармен барып, тәжірибе алмасты. «Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар: ақпарат және мәдени орталықтар» тақырыбында өткен халықаралық семинарда Британ ұлттық кітапханасының инновациялық жұмыс әдістерімен, болашақтағы кітапхана жұмысының жобасымен, Ұлыбритания  мен Франция мемлекеттерінің кітапханаларымен танысып,  өз ісінің кәсіби маманы екендігін дәлелдейтін арнайы сертификат алып елге қайтады. Мейрамкүл басқарған кітапхана ұжымы Алматы облысының кітапханаларының арасынан 2006-2007 жылдың қорытындысы бойынша бірінші орынды иемденіп, Алматы облысы мәдениет басқармасының «Үздік мекеме» дипломымен марапатталып, облыс әкімінің шешімімен кітапханаға  «Нива» автокөлігі табыс етіледі. Ал 2007 жылы сайлау науқаны кезінде ұжыммен белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясының шешімімен Елбасының алғыс хатын алады.

Өмірлік серігі Башқұлов Дәулетпен тұрмыс құрған Мейрамкүл үш бала сүйген бақытты ана, сүйікті жар, 6 немеренің аяулы әжесі. Үлкен ұлдары Бекзат «АСПМК» ЖШС-нің жобаларды басқару бөлімінің менеджері болып қызмет атқарады, ал қыздары Ләззат «Райымбек» ЖШС-нің сүт тағамдарын шығаратын өндіріс технологы. Отбасының кенжесі Қазыбек «Электрожүйе» жобалау мекемесінің инженер жобалаушысы. Ынтымағы мен берекесі жарасқан отбасында қазақы тәрбие қаймағы сақталған.

Обновлено (02.10.2017 10:28)

 

/
Рейтинг@Mail.ru